Киберқауіпсіздік әліппесін
Киберқауіпсіздік әліппесі – балаларға алаяқтардың айла-тәсілдерін тануға және интернеттегі қауіпсіздіктің маңыздылығын түсінуге көмектесетін көңілді әрі танымдық кітап.

Цифрлық әлемді зерттеушілерге арналған
Сен «Киберқауіпсіздік әліппесін» қолыңа ұстап тұрсың. Бұл не? Киберқауіпсіздік бізге заманауи технологияларды – планшеттен бастап, дауыстық көмекшіге дейін – қауіпсіз пайдаланып, онлайн-әлемді еш алаңсыз зерттеуге көмектеседі.
Онлайн-әлем шексіз мүмкіндіктерге толы: үйден шықпай-ақ саяхаттауға, күн сайын жаңа нәрсе білуге, достармен сөйлесуге, шет тілдерін үйренуге және, әрине, ойнап, көңіл көтеруге болады.
Бірақ, шынайы өмірдегідей, виртуалды әлемде де сақ болған жөн. Цифрлық кеңістіктегі бейқамдық пен кибергигиена негіздерін білмеу үлкен қиындықтарға әкелуі мүмкін. Мысалы, планшет немесе телефонға зиянды бағдарламаны байқамай жүктеп алып, маңызды деректерді алаяқтарға жіберіп қоюың мүмкін. Немесе сүйікті ойыныңдағы барлық жетістіктеріңді, тіпті ақшаңды жоғалтып алуың мүмкін.
Виртуалды әлемдегі саяхатың қызықты әрі пайдалы болуы үшін, ал қиындықтар жолыңды кеспеуі үшін, біздің киберқауіпсіздік әліппемізді А-дан Я-ға дейін зертте. Сен жаңа технологиялармен танысып, цифрлық қауіптерден сақтануды және онлайн-алаяқтардың айласынан қалай құтылуға болатынын үйренесің.